Мені керек етіп жатсаңыз, феномендер қатарынан емес, көпшілік ішінен іздеңіз, одан қалса, қабірден...
Исраил Сапарбай, "Білгенге маржан" кітабінан.
Исраил Сапарбай

Ақын, сазгер, драматург

Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург, аудармашы, сазгер, Түркі поэзиясы халықаралық фестивалінің лауреаты, Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтың және Жамбыл Жабаев атындағы халықаралық сыйлығының иегері, Астанаға он жыл медалі, Парасат орденінің иегері, платиналы Тарлан тәуелсіз сыйлығының лауреаты, Шымкент қаласының құрметті азаматы, бесаспап дарын.
Рухқа қызмет еткен адам ғана елдің есінде, жалпының жадында қалады. Өзгесі пендешіліктің пешенеміздегі жазуы ғана.
— Исрайл Сапарбай

Ақын

Исраил Сапарбайдың болмысы мен тағдыры оның әрбір өлеңінде, әрбір әнінде бейнеленген. Ол үшін өнер — жүректің алтын бесігі, ал шығармашылық — рухтың мәңгілік айнасы. Ақынның сөзімен айтқанда:
«Өнер адамы тек өзінің қарақан басын жазбайды. Ол – рухани қазынаны халыққа жеткізуші. Өлең де, ән де – ғарыштың, ғайыптың игі шарапаты».
Махаббат - өлшемді өміріңіздің құны болса, ғашықтық - оның құлы.
— Исрайл Сапарбай

Сазгер
Әндер әлемі

Исраил Сапарбайдың болмысы мен тағдыры оның әрбір өлеңінде, әрбір әнінде бейнеленген. Ол үшін өнер — жүректің алтын бесігі, ал шығармашылық — рухтың мәңгілік айнасы. Ақынның сөзімен айтқанда:
«Өнер адамы тек өзінің қарақан басын жазбайды. Ол – рухани қазынаны халыққа жеткізуші. Өлең де, ән де – ғарыштың, ғайыптың игі шарапаты».
Шабыт әлемі ғарыштан (Арш ағла) ғажайып сиқырмен сәулеленіп, нұрланып тұратын өзгеше бір құбылыс. Ол аяқасты болды дегенше әннен мән, мәтіннен мазмұн, саздан салиқа қашады.
— Исрайл Сапарбай

Драматург
Шығармашылық шебері

Исраил Сапарбай пьеса жанрында да өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Қарымды қаламынан он беске жуық драмалық шығарма туды. «Ауылдан келген ару», «Әмір Темір», «Абай – Тоғжан», «Сыған серенадасы» секілді пьесалары бүгінде театр сахналарынан түспей келеді.
“Әр Ақын дүниеден озған сайын Жердің өзі не жетім, не жесірдің күйін кешетіндей..."
— Исрайл Сапарбай
ӨМІРБАЯНЫ

Исраил Сапарбай — қазақтың көрнекті ақыны, драматургі, аудармашысы, сазгері, бесаспап дарын иесі. Оның шығармашылығы қазақ өнері мен әдебиетінің алтын қорына қосылған құнды мұра болып табылады.

Туған жері және өмірінің басталуы

Исраил Сапарбай 1941 жылы 15 мамырда (құжат бойынша) Өзбек КСР-нің Самарқанд облысындағы Кушрабад ауданында дүниеге келген. Өмірінің бастауы ауыр кезеңге тұспа-тұс келді. Нәубетті жылдарда анасы Айткүл төрт баласымен бірге Мырзашөлге көшіп, қиыншылықты еңсерді.

Білімі және қызметі

Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін және Алматы Жоғары партия мектебін (1975) бітірген.

  • Журналистика және Әдебиеттегі Қызметі: «Оңтүстік Қазақстан» газетінде, Жазушылар одағының Шымкент бөлімшесінде әдеби кеңесші, «Жалын», «Жазушы» баспаларында аға редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде поэзия бөлімінің меңгерушісі болды.
  • Кино және Дипломатия: «Қазақфильм» телестудиясы бас редакторының орынбасары, сондай-ақ 1997−1999 жылдары Сыртқы істер министрлігінде және Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінде дипломатиялық қызметтер атқарды.

Ақындығы: сыршыл лирика

Исраил Сапарбай — қазақ лирикалық поэзиясының көрнекті өкілі. Оның алғашқы өлеңдері 1975 жылы «Көктем тынысы" ұжымдық жинағында жарық көрді.

  • Басты Ерекшелігі: Поэзиясындағы шынайылық, нәзіктік және лиризмнің үстемдігі. Махаббат, сұлулық, сағыныш тақырыптарын жырлауда өзіндік қолтаңбасы айқын.
  • Философиясы: Ақын өз сөзінде: «Өлең де, ән де ғарыштың, ғайыптың игі шарапаты» — деп, шығармашылықты рухани тазалықпен байланыстырған.
  • Жыр Жинақтары: «Аққу арман», «Раушан ғұмыр», «Бозқараған», «Қызыл-жасыл дүние», «Жүрегіме ұя салған қарлығаш», «Қызыл жел», «Ғашықтың тілі».
  • Танымал Өлеңдері: "Сені көргім келеді де тұрады", «Қазақ қызы», «Виолетта».

Сазгерлігі: Жүрекке жеткен әуендер

Консерваториялық білімі болмаса да, Исраил Сапарбай 70-ке тарта әннің авторы және 150-ге жуық ән мәтінінің сөзін жазған.

  • Белгілі Әндері: «Бір тамшы көздің жасындай», «Қоштасудың қиын-ай», «Сағыныш сазы», «Танго», «Махаббат маусымы», «Ностальгия».
  • Шығармашылық Тәсілі: Әуенді «ғарыштан келетін аян» деп түсінген.

Драматургиясы: Сахнаның дарабозы

Драматургия жанрында 15-ке тарта пьеса жазды. Оның шығармалары республикамыздың жетекші театрларында қойылған.

  • Танымал Пьесалары: «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», «Абай-Тоғжан», «Сыған серенадасы» (Шәмші Қалдыаяқовқа арналған поэтикалық-музыкалық драма), «Махаббат мейрамы».

Аудармашылық қыры

Ол Омар Хайамның «Наурызнама», «Әмір Темір аманаты», Джордже Катичтің «Сәлемдемесі», «Лұқпан хакім», «Мың бір сауал» секілді шығармаларды қазақ тіліне аударған.

Қорытынды, мәңгілік естелік

Исраил Сапарбай — киелі сөз өнеріне бүкіл ғұмырын арнап, қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан, артында бай әдеби-музыкалық мұра қалдырған ақындық өнердің айбозы, драматургияның дарабозы, сазгерліктің саңылағы. Оның лирикалық нәзік жырлары мен әндері ұлт жүрегінде мәңгілік сақталады.

.
БЕЙНЕБАЯН
Бізде "Қоғам қайраткері" деген лауазым бар, ал "Қалам қайраткері" ше? Құзырлының құлағына "алтын сырға"...
— Исрайл Сапарбай

Шығармалары

Поэзиялық шығармалары: «Аққу арман», «Бозқараған», «Қызыл - жасыл дүние», «Жүрегіме ұя салған қарлығаш», «Қызыл жел», «Гүласыл», «Бармақтай бақ», «Сенің туған күніңе», «Махаббат пен Ғадауат», «Жүз бір түн», «Балауыз шам», «Түнгі әуендер», Үш томдық өлеңдер жинағы, « Өзімді саған сыйладым», «Рух мейманасы» /трактат/, «Ойтұмар» т.б.
Драмалық шығармалары: «Ауылдан келген ару», «Әмір Темір», «Абай—Тоғжан», «Махаббат пен Ғадауат», «Сыған серенадасы», «Мәжнүн»/ «Қыз мұңы»/, «Қақпақыл», «Кемпір алып қашу», «Періште», «Жаға мен Су», «Адам ата—Хауа ана», «Сен ертең өлесің!».
Аудармалар: «Сәлемдеме», «Наурызнама», «Әмір Темір аманаты», «Мәлике данышпанның мың бір сауалы», «Өкінбеймін, шақырмаймын, жыламан...» /Сергей Есениннің шығармашылығына арнап/, Имам Исмаил Бұхаридің «Ақиқи хадистер», «Бір тал гүл» /Әбдірахим Пратов/, т.б.
Ән мен ән мәтіндері: «Сағыныш сазы»/әндер жинағы/ және қазақ ән өнеріндегі таңдаулы ән мәтіндер топтамасы.

Білгенге маржан...

Кітапқа аннотация
Ауызекі сөзді былай қойғанда, өлеңге қимайтын да симайтын шымыр да жұмыр ой үзіктері, қиыр да шиыр тіршілік иірімдері ойыңызды он саққа, санаңызды сан саққа жүгіртіп маза бермейтіні бар. Ащылы-тұщылы ақиқат пен шындық та, көз жасындай кермек көңіл-күй тамшылары да осы кітаптың өзегін құрайды.
Әлқисса:
Ақынның аузына Сөзді Алла салады!!! Аузына Алла сөз салған Ақын кімге, не үшін кіріптар болыпты?! Желдей ескен уақытқа ма? Бүгін бар да ертең жоқ байлыққа ма? Тағы тайғанақ, табаны сырғанақ пташаға ма? Жо-о-қ!!! Айта көрмеңіз, ешкімге, ешқашанда!!! Керек десеңіз, Алла мне Ақын арасында анау-мынаулар аңғара бермейтін ғажайып бір рухани сабақтастық бар. Мен білсем, ең алғашқы АҚЫН - Алланың өзі! Бұған титтей де күмәніңіз болмасын!...
Имани гүлдің төркіні
Кітапқа аннотация
Қазақ қазақ болғалы қаншама заман зауқын бастан кешірдік... Сырт көзге біз бүгін кімбіз? Ныспымыз қазақ болғанда нұсқамыз қалай? Ұсақтап кеттік пе, әлде, «болмасаң да ұқсап бақтың» ұрқы мен ғұрпына сай ғұмыр кешіп келеміз бе? Ойланасың... Толғанасың... Тылсым дүниенің тілін табарға әл-дәрменің жетпей көкіректі күрсін жайласа, ол да бәндәуи тіршілік иесінің шарасыздығы. Көргеніңе көне алмай, көрге тірі ене алмай, көрінгенге көзақыңды бере алмай шерменде күй кешкеніңді өзгелер сезіп-білер ме? Абай әлеміне кірмек - алдымен өз қалыбыңа, сонан соң өз қазағыңның тағдыр-талайына ден қоймақтың үлгі-үрдісі екенін енді-енді сезіне бастағандаймыз. Талапта та бір-таң асырған атта бір. Біздікі сол нартәуекел талаптың-аржақ бержағы. Нәтижесін ожданды оқырман айта жатар...
Әлем, Әйел және Мен
Кітапқа аннотация
Сонңғы жылдары әдебиеттің бірнеше жанрында (поэзия, драма, ән мәтіндері, аударма, публицистика) өндіре қалам тартып жүрген автордың біз ауызға алып отырған жаңа жыр жинағы жайдан-жай «Әлем, Әйел және Мен» деп аталмапты: көлемі де, өлеңі де таразы басын тең ұстап тұр. Ең бастысы, мұнда өрелі өлең де, толымды толғау да, кең құлашты поэма да бар. Аралықтағы топтамалар да өз орын, қисынымен тұтас жинақтың әрін кіргізіп, әрі қарай назарыңды аудара түседі. Аракідік күнделікті баспасөз беттерінде жарияланған бірер топтамалары болмаса, бәрі жаңа, соңғы жылдары жазылған тың дүниелер. Қысқасы, жаңа да, жақсы жинақ өмірге келгелі тұр. Ақынның ізгі өрісі мен күзгі жемісінен дәм татуға жазсын бәрімізді!..
Махаббат пен Ғадауат
Кітапқа аннотация
Жинаққа Республика театрлары сахнасына сұранып тұрған, көрермен көзіайымы болуға лайықты драмалық шығармалар енгізіліп отыр. Олардың ішінде, нақтылан айтқанда, «Өмір Темір», «Сыған серенадасы», «Абай-Тоғжан», «Махаббат пен ғадауат», «Мәжнүн» /«Қыз мұңы»/ пьесалары республикалық дәрежедегі бәйгелер мен гранттардың жеңімпазын иемденсе, «Кемпір алып қашу», «Тәңірінің құлдары», «Қақпақыл», «Жаға мен Су» /реквием/, «Періште», «Адам ата, Хауа ана» /илаһи драма/ т. б. драмалары бүгінгі күн тақырыбына жазылған заманауи шығармалар қатарын толықтырады.
Әмір Темір
Кітапқа аннотация
Анық-қанығына келсек, адамзат тарихында Әмір Темірдің есімсойы, атақ-даңқы, тіпті, дерек-дақпырты Шыңғысханмен бір деңгейде ауызға алынады десек артық не асып айтқандық емес. Олай болатын жөні де бар. Аралықта екі ғасырға жуық уақыт сілемі жатқанымен тағдыр таразысының екі басы осы екеуімен ғана теңесе алатын дәрежеде. Түптеп, түгендеп келгенде, екеуінің де тамыры мен тәңірі әріден беріге тамыр тартып жататыны тағы бар. Мұны өздеріңіздің назарларыңызға ұсынып отырғанаталмыш кітаптан анық-қанық біле аласыздар. Шыңғысхандай ұлықзаданың адамзат баласының зерттеу, зерделеу объектісіне айналғанына қанша ғасыр, қай заман?! Көлденең көкаттыларды былай қойғанда, тарихшылар тарапынан әлі күнге тәубеге келерлік бір тоқтам болмай тұр. Оның да себеб-салдарын, тыңдайтын құлық, еститін құлақ болса, шамалауға бейілміз. Ал Әмір Темірге келсек... Шынын айту керек, бұл орайда көбіміздің өреміз кем, өрісіміз тар. Өз өмірінің тең жартысын (35 жыл) ат үстінде өткізген, осы жылдар ішінде үлкенді-кішілі 27 мемлекетті өз дәргейіне бағындырған, ұрыс, соғыс амал тәсілдерінің 24 түрін ойлап тапқан, әскери әлеуетін 400 мыңға жектізген жеңімпаз Жаһангер жайында дәл қазіргі күні кім не біледі? "Игіліктің ерте-кеші жоқ"...

Шығармалар жинағы
1 том

Ғашықтық, сүйіспеншілік жырлары.
Бұл кітапқа "Махаббат, сүйіспеншілік жырларының хас шебері" атанған лирик ақынның осы тақырыптағы ең таңдаулы ғашықтық ғазалдары енгізіліп отыр.

Шығармалар жинағы
2 - 3 том

2 - 3 том - Жыр жинағы.
Аталмыш кітап тумысы лирик ақынның дүниетаным көкжиегін, қазақ поэзиясындағы өзіндік қолтаңбасын, өмірлік ұтсанымын барынша айшықтайтын әр жылдарда әралуан тақырыптағы өлең-жырларының басын құрайды.

Жарыққа шыққан басқа шығармалары

Ана бесікті тербетсе, ән әлемді әлдилейді.
— Исрайл Сапарбай

ӘНДЕР ӘЛЕМІ

Исраил Сапарбай жетпіске тарта ән мен жүз елуге тарта ән мәтіндерінің авторы. “Бір тамшы көздің жасындай”, “Қоштасудың қиын-ай”, “Сағыныш сазы”… Консерваториялық білімі болмаса да, нота танымаса да “Танго”, “Махаббат маусымы”, “Ностальгия” әндерін жазды. Әлемдік шедевр “Эсмиральдо” әніне сөз жазды.»

Әндер жинағы

Исраил Сапарбай сөзін жазған (немесе әні мен сөзін өзі жазған) халыққа кең тараған және сүйікті әндері:
  • «Бір тамшы көздің жасындай»
  • «Қоштасудың қиын-ай»
  • «Сағыныш сазы»
  • «Махаббат мәңгі ертегі»
  • «Егіз лебіз»
  • «Сағындым сені»
  • «Қазақ қызы»
  • «Сен болмасаң»
  • «Алақанымнан ұшқан аққуым»
  • «Танго»
  • «Махаббат маусымы»
  • «Ностальгия»
Бұл әндерді қазақ эстрадасының көптеген танымал әншілері орындаған.
Сағыныш сазы
Әні мен сөзі Исраил Сапарбай
Өнер - әлемдік ауқымдағы аудитория. Киелі сахнаға ілуде біреу шығады. Өлермендер онсыз да көп...
— Исрайл Сапарбай
ДРАМАТУРГИЯ
Танымал Пьесаларынан үзінді және суреттер: "Ауылдан келген ару", "Әмір-Темір", "Абай-Тоғжан", "Сыған серенадасы" (Шәмші Қалдыаяқовқа арналған поэтикалық-музыкалық драма), "Махаббат мейрамы".
"Сыған серенадасы"
Шәмші Қалдыаяқовқа арналған поэтикалық-музыкалық драма. «Сыған серенадасы» - театр сахнасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Оның өресі кең, құпиясы ашылмаған. Вальс королі әйгілі Шәмші рухына бағышталған бұл туынды сазгердің тағдырын бейнелейді.
Белгілі ақын, сазгер, драматург Исраил Сапарбай драма саласына кеш келгенімен, «Сыған серенадасы» музыкалық драмасын дүниеге әкелген. Бұл қойылым Қазақтың М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында көрсетілген соң, Қазақстанның басқа қалаларындағы өнер ордаларының репертуарларынан орын тапты.
Шәмші ғұмырының соңғы жылдарында ауруханада көп жатқан екен. Күндердің күнінде қал-жағдайын біліп, Исраил Сапарбай барып, «Сыған серенадасы» әнінің туу тарихын сұрайды. Өткен күндерді еске алғысы келмеген Шәмші ақын інісіне былай деп жауап қатыпты: «Ол ұзақ әңгіме. Мені қинамашы. Мен оқудан шығып қалғанда, төрт-бес жігіт сыра ішіп, вокзал жақта жүрдік. Алдымыздан үш-төрт сыған қызы шығып, табырға шақырады. Екі-үш табырда жүрдім. Осыдан басталды барлығы, айналайын». Кейін Исраил Сапарбай біраз ақпараттарды арқау етіп, өз қиялына ерік беріп, шығарманы жазып шығады.
"Сыған серенадасы"
Спектакль
«Бір туынды тарихы» циклі: «Сыған серенадасы» деректі фильмі
"Қыз мұңы"
  • Пьесаның мазмұны мен тақырыбы
  • «Пьеса шынайы өмір мен тарихи оқиғалардан рухтанған, онда адамның ішкі сезімдері, өткенмен бүгінгінің ара-қатынасы және тағдыр тақырыптары шебер беріледі. Негізгі арқауы — бүгінгі күн мен тарихи оқиғалардың (әсіресе Желтоқсан көтерілісі) байланысы, адамның өткенмен жаны қалай көрісетінін көрсету. Спектакльде ауыр сезімдер, адам тағдыры, өткеннің қасіреті мен іздері арқылы көрерменге ой тастайды. Автор пьеса арқылы 1990-жылдардың оқиғаларын және сол кездегі адам тағдырын ашық, сырлы түрде көрсетуге
  • Жанры: Психологиялық және әлеуметтік-тарихи драма (лирикалық-философиялық қырлары бар).
  • Режиссерлар: Е. Обаев, Т. Аралбай
  • Негізгі актерлар құрамында:

Сатыбалды Азамат (Ғазиз)

Шыңғысова Гүлнұр (Сағыныш)
Біләл Ерлан (Генерал) және басқалар.
"Қыз мұңы" спектаклінің қойылымы туралы.
"Абай - Тоғжан"
  • «Абай – Тоғжан» – қазақ драматургиясының көрнекті тұлғасы Исраил Сапарбайдың (1941–2025) ең танымал және талас тудырған шығармаларының бірі. Пьеса Абай Құнанбайұлының өмірі мен махаббатына, әсіресе оның Тоғжанмен қарым-қатынасына арналған. Бұл – тарихи-романтикалық драма, бірақ дәстүрлі Абай бейнесінен өзгеше, лирикалық және психологиялық тереңдікке басымдық береді.
  • «Абай – Тоғжан» – Исраил Сапарбайдың Абайға деген жеке құрметі, бірақ дәстүрлі Абай бейнесін бұзған батыл қадам. Ол Абайды ақын ғана емес, махаббаттағы адам ретінде көрсетеді. Пьеса – қазақ драматургиясындағы лирикалық революция.
"Абай - Тоғжан"
Абай-Тоғжан қойылымында Абай әндері мен дәстүрлі халық әндері қоса өріліп, қойылымның сырлы мазмұнын, дәуір-тынысын ,Абай Құнанбайұлының қилы тағдырын жеткізеді. авт: И.Сапарбай реж: Е.Біләл
"Ауылдан келген ару"
  • Пьесаның мазмұны мен тақырыбы
  • Негізгі идея: Пьеса ауылдан келген жас қазақ қызының қаладағы қиын өміріне арқау болады. Ол оқуға түсу, пәтер табу үшін алданып, зорлық-зомбылыққа ұшырайтын қыздың тағдырын бейнелейді. Әйел адамның (қараңғы күштердің құрбаны болатын "қыздық тағдырды бұзатын" тұлға) кесірінен қыздың өмірі бұзылады. Бұл шығарма қоғамдағы моральдық құлдырауды, ауыл-қала қақтығысын және әйелдердің осалдығын сынап, әлеуметтік әділеттілікті талап етеді.
  • Жанры: Драмалық пьеса, реалистік стильде жазылған. Лирика мен драманың қосарлануы Сапарбайдың қолтаңбасы – өлең тіліндегі диалогтар мен эмоционалды монологтар арқылы эмоцияны күшейтеді.
  • Шығу тарихы: Автордың өзі айтуынша, пьеса Алматыдағы тұрмыс қиындықтары мен көрген шынайы оқиғалардан шабыттанған. Ауыл қыздарын алдап, пайдаланатын "қараңғы күштердің" әрекеттері пьесаның негізгі конфликтісін құрайды.

"Әмір-Темір"

  • «Әмір-Темір» – қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы Исраил Сапарбайдың (1941–2025) драматургия саласындағы маңызды шығармаларының бірі. Бұл пьеса тарихи тұлға – Әмір Темірдің (Тимурдың) өмірі мен тұлғасына арналған, қазақ драматургиясындағы эпикалық және психологиялық тереңдіктің үлгісі. Бұл шығарма да лирикалық элементтермен байытылған, өлең тіліндегі диалогтар арқылы эмоциялық қарқынды күшейтеді.
  • Негізгі идея: Пьеса Әмір Темірдің жеңіс пен құлдырау, қатыгездік пен даналық арасындағы ішкі қақтығысын бейнелейді. Тарихи жорықтар (үш жылдық, бес жылдық, жеті жылдық жорықтар) фонында тұлғаның психологиялық портреті салынады. Темір – жаулап алу құрбаны ғана емес, өз тағдырын өзі құраушы данқыл ер ретінде көрсетіледі. Конфликт: Дәстүр, билік пен адамгершіліктің соқтығысы.
«Төрткүл дүние – төрт мезгіл» сахналық қойылымы
«Төрткүл дүние – төрт мезгіл» сахналық қойылымы
Сазгер-ақын Исраил Сапарбайдың шығармашылығына арналған «Төрткүл дүние – төрт мезгіл» атты авторлық кеш сахналық қойылым түрінде ұсынылды. Бұл туынды жылдың емес, өмірдің төрт мезгілін – балалық, жастық, кемелдік және даналық кезеңдерін өлең мен ән арқылы бейнелейді.
Көрермен қауым әрдайым жаңалық күтетіндей, бұл кеш те өз ерекшелігімен дараланды. Ән, би, өлең, сахналық көріністер мен драмалық қойылымдар үйлесімді тоғысып, ақынның шығармашылық әлемін тереңінен ашып көрсетті.
Қойылым көркемдік шешімдерімен, эмоциялық әсерімен және мазмұндық тұтастығымен көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл – әдебиет пен өнердің тоғысындағы тамаша үлгі, Исраил Сапарбайдың кейінгі буынға өнеге боларлық шығармашылық кеші болды.
Төрткүл дүние – төрт мезгіл
«Төрткүл дүние – төрт мезгіл» атты авторлық кеш сахналық қойылым.
Марапаттары мен атақтары
  • Қазақстанның Халық жазушысы
  • Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Түркі поэзиясы халықаралық фестивалінің лауреаты
  • Тарлан тәуелсіз сыйлығының лауреаты
  • Парасат орденінің иегері
  • Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтың иегері
  • Жамбыл Жабаев атындағы халықаралық сыйлығының иегері
  • Астанаға он жыл медалі
  • Шымкент қаласының құрметті азаматы
ФОТО

ЖАҢАЛЫҚТАР

Made on
Tilda